• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Латын әліпбиі Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруіне септігін тигізеді – депутат 15.09.2017

«Президентіміз «Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстандағы қазақтар ғана емес, тұтас халықтың 95 пайызы 2025 жылы мемлекеттік тілді игереді деп болжады. Яғни осы мерзімде тұтас халық тілді жаппай игеріп алған кезде, біз де латынға жеңіл көше аламыз деп айтқан болатын. Латын алфавитіне көшу – біріншіден тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз», - деді сөз басында Г.Шиповских.

Бұдан басқа, халық қалаулысы латын әліпбиі  Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруге септігін тигізетініне сенім білдірді.

«Екіншіден, бұл үлкен қадам – дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруге және еліміздің дамуына маңызды септігін тигізетіні даусыз. Үшіншіден, әлемдегі IT техналогиялар, әлемдік деңгейдегі бизнес операциялары және көптеген ивестициялық жобалар латын әріптерімен тығыз байланысты», - деп түйіндеді Г.Шиповских. 


Back to the list