• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандықтар жаңа қазақ әліпбиіне өзгерістер енгізе алады 15.09.2017

«Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу бойынша жобасы жаңа «Рухани жаңғыру» ақпараттық порталында орналастырылады.   Жаңа әліппені талқылау аясында әліппені жаңғырту бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін қалдыра алады. Ал, барлық жазылған пікірлер мен ұсыныстар бойынша жұмыс топпен ақылдаса отырып жедел түрде жауап беретін боламыз. Әрине, оның барлығы әліппенің нұсқасын талқылауда ескерілетін болады», - деді Е.Кочетов.

Бұдан басқа, «Қазконтент»АҚ басқарма төрағасы хабарлағандай, бүгіннен бастап әр қазақстандық қай әлеуметтік желіні пайдаланғанына қарамастан өзінің ұсынысын, пікірін және сыни көзқарасын еркін білдіре алады. Бастысы  #latyn деп белгілеу керек.   

Айта кетер болсақ, жаңа ruh.kz порталы 6 бөлімнен тұрады: «Туған жер», «Сакральді Қазақстан», «Заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа есім», «100 жаңа оқулық», «Латын әліпбиіне көшу».

Қайрат Жандыбаев


Back to the list