• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның кітаптары Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық кітап жәрмеңкесінде ұсынылды 08.09.2017

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлағандай,  еліміздің атынан ҚР Ұлттық кітапханасы мен "Фолиант" баспасы қатысып отыр. Бұған қазақстандық кітаптардың ресейліктер тарапынан үлкен сұранысқа ие болуы басты себеп.

Әлемдік мәдениет кеңістігінде қазақ кітаптарын көптеп тартуға негіз болған "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдуманов, тиесілі келіссөздер жүргізу нәтижесінде қазақ авторларының еңбектерін украин, белорусь және араб тілдеріне аудару мүмкіндігіне ие болғанын айтады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы 25- жылдық дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына орай, ҚР Ұлттық кітапханасы мен Ресей Мемлекеттік кітапханасы арасында әріптестік Меморандумға қол қойылады. Сондай-ақ Мәскеу Мемлекеттік мәдениет университетінде Қазақстанның кітапхана саласына қажет мамандарды әзірлейтін мүмкіндікке қол жеткізілді.

 


Back to the list