05.09.2017
«Бүгінгідей бейбіт заманда жастарға қойылатын талап – білім алу. Егер әр оқушы мектеп қабырғасында, кейін жоғары оқу орнында сапалы білім алатын болса, ертеңгі күні елімізді жаңа биіктерге жетелері анық. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында да жастарға ерекше көңіл бөлу керек екендігі айтылған. Өйткені кез келген ұлттың болашағы – жан-жақты жетілген, білім алған, азат ойлы, саналы ұрпақ. Сондықтан бар ынта-жігерлеріңізді оқуға арнаңыздар», - деп құттықтау тілегін жеткізді облыс әкімі.
Сондай-ақ мектептің жылдағы дәстүріне сай Назарбаев мектебінің 7-ші сынып оқушыларымен мектеп ауласына алма ағашын отырғызды.
Айта кету керек, биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша 12 білім беру нысанына 1 241,0 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілсе, 10 білім беру нысаны салынуда. Олардың 4-уі аудандарда.
БҚО әкімдігінің ақпараты бойынша, келер жылы күрделі жөндеуді қажет ететін нысандардың тізімін жасау бойынша жұмыстар атқарылуда. Білім күні №21 жалпы орта білім беретін мектепке арнайы барған облыс әкімі оқу ордасын аралап көріп, алдағы жылы күрделі жөндеуді қажет ететін нысандардың қатарына қосу туралы тапсырма берді.