• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҚО-да жастар коалициясы құрылады 31.08.2017

Форум жұмысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, продюсер Алпамыс Шаримов, танымал әнші Марина Бигалиева, республикалық жастар ұйымының көшбасшысы Тоқтар Болысов қатысты.

«Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-міндеттер туралы пайымдауларымен бөлісті. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу жолында жастарды «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлесе әрекет етуге шақырды», - деді Алтай Көлгінов.

Алғашқы болып сөз алған өңір басшысы Алтай Көлгінов Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-міндеттер туралы пайымдауларымен бөлісті.

Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу жолында жастарды «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлесе әрекет етуге шақырды.

Облыста «Туған жер», «Атамекен», «100 жаңа есім» жобаларын жүзеге асыру бойынша  жобалық менеджмент кеңсесі іске кірісті. Оның басшысы облыстық мәслихаттың ең жас депутаты Салтанат Тұманбаева.

«100 жаңа есім» жобасына халықтың қызығушылығы өте жоғары, өте көп сұрақ қойылып жатыр. Осы тұста жаңа есімдер қатарына атақты тұлғаларды қосамыз ба, жоқ па деген мәселе де туындайды. Тек біздің өңірден 1800 ұсыныс келіп түсті.

 


Back to the list