28.08.2017
«Бүгінгі күні «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығы таңдап алған республика бойынша 100 макросакралды обьектіге біздің облыстан 10 ескерткіш енгізілді. (Жанкент, Сығанақ, Шірік рабат, Жент қалашықтары, Қорқыт ата мемориалды кешені, Христос-Спаситель шіркеуі, Оқшы ата, Қорасан ата және Қылышты ата кесенелері, Бегім ана мұнарасы)», - дейді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ержан Абдрахманов.
Сонымен қатар Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілсе, биылғы жылы жаңадан Сортөбе, Жент қалашықтары мен Кердері кесенесіне қазба жұмыстары жүргізілуде.