24.08.2017
Облыс әкімінің айтуынша, басым әзірлемелердің арасында үш тілділік, «Туған жер», сакралды географиялық орындар бар.
«Біз Абай ауданындағы Қоңыр әулие сакралды орнының құжатнамасын әзірлеп жатырмыз. Ғибадат етушілер өзенге барады. Менің тапсырмам бойынша аймақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде», - деді ШҚО әкімі.
Өңірлік әкімдіктің мәліметінше, жақын арада «Рухани жаңғыру» өңірлік бағдарламасының таныстырылымы өтеді.
Даниал Ахметов айтып өткендей, бұл тек теориялық еңбек емес, тарихи құндылықты тереңінен ұғыну.