24.08.2017
«Өңірге инвестиция тарту да ерекше назарда. Сондықтан да, аудан, қала әкімдері мен басқарма және департамент басшыларына осы аталған тапсырмаларды орындауда үлкен жауапкершілік танытуын сұраймын. Аталған бағыттардың орындалуы әрбіріңіздің атқарған жұмыстарыңыздың айқын көрсеткіші болып табылады», - деді өңір басшысы.
Жиын барысында облыс әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындауға ерекше назар аудару қажеттігін де атап өтті.
«Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытындағы қолға алынған жұмыстарды күшейту қажет. Бізде көп мүмкіншіліктер бар, алайда белсенділік таныту жағы ақсап тұр. Істеліп жатқан жұмыстарыңызда нақтылық байқалмайды. Жаңаша көзқараспен қарап, тиісти шаралар қабылдаңыздар», - деді облыс әкімі.