23.08.2017

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 негізгі жоба және 1100-ден астам жоба астындағы жобалар жүзеге асырылуда. Олардың барлығы қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған. Жалпы жобаларды жүзеге асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 мыңнан астам мүшесі атсалысуда. Мен, дәлірек атқанда белсенді атсалысып жатқандарды меңзеп отырмын, 16 тамыздағы жағдай бойынша олардың саны 12 641 құрады. Оның ішінде 98-і жобаларды басқарса, 116-ы сарапшылар ретінде тартылған», - деді Д. Мыңбай.
Дархан Мыңбай еске салып кеткендей, ҚХА қанатының астына 1300-ден астам этномәдени бірлестіктерді, 3 мыңға жуық облыстық және ауылдық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді, 39 достық үйі мен 14 журналистер клубын біріктірді. Ассамблея активі – еліміз бойынша 150 мыңнан астам адамды құрайды.
«Бірлікке, бейбітшілікке, келісімге ұмтылу кез-келген қоғамның гүлденуі мен прогресінің негізі. Тарих өзі көрсетіп отырғандай мықты ұлт кез-келген қауіп пен қатерге ауызбіршілігінің арқасында тойтарыс бере алады. Осы ретте, Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлік пен келісімнің бірегей қазақстандық үлгісі болып табылады. Бұл Қазақстанның барша саясиэтникалық ұлтының бірлігін көрсететін институт», - деді ҚХА төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар, ол өз сөзінде Қазақстанның үшінші жаңғыруы экономикалық өсімді, жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған және осы ретте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алар орны ерекше, деп атап өтті.
«Мемлекет басшысы айтып кеткендей, рухани жаңғыру экономикалық және саяси жаңғыруды толықтырып қана қоймай, оның жүрегі болып отыр. Сондықтанда қоғамдық сананы жаңғырту басты мемлекеттік міндеттердің біріне айналуда», - деп баса айтты Дархан Мыңбай.
Ақбота Күзекбай