17.08.2017
ШҚО әкімдігінің хабарлауынша, «Туған жер» рухани жаңғыру стратегиялық бағдарламасын іске асыру аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша, «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» базалық жобасы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылғы 15 шілде – 30 қыркүйек аралығында облыстың елді мекендері арасында абаттандыру бойынша облыстық байқау өтеді.
Байқаудың алдын ала кезеңі, өтінімдерді жинау, үміткерлер тізімін құрастыру аяқталды. 14 тамыз – 8 қыркүйек аралығындағы кезеңде байқау комиссиясының мүшелері таңдалған елді мекендерге барады.
Іс-шара жергілікті өзін-өзі басқару органдарының елді мекендерді абаттандыруды жақсартуға белсенді қатысуын арттыру, ең жақсы нәтижеге қол жеткізген елді мекендер мен шағын қалаларды анықтау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арасында байқау жеңімпаздары мен қатысушыларының оң тәжірибесін тарату мақсатында өткізіледі.
Айта кету керек, елді мекендер сәулет құрылысы, ғимараттардың қасбеті, көшедегі жарықтандыру, асфальт төсемдері, аумақтардың қоршалуы, шағын сәулет нысандары, балаларға арналған алаңдар, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдары, жеке тұрғын үйлер, жасыл көшеттердің саны және т.б. бойынша бағаланады.
Әр номинация бойынша байқау жеңімпазы бағалау және критерийлерді салыстыру қорытындылары бойынша сыйлық қорына ие болады.