17.08.2017
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өте маңызды философиялық жұмысына негізделген. Бұл өткен кезеңді терең талдау, сонымен қатар бүгінгі күнді ұғыну және болашаққа бағдар. Әрине, біздің ата-бабаларымыздың патриоттық сезімінің, идеологиялық бірігуінің негізі неде екені барлығымызды қызықтырады. Күшті қарсыластарының болғанына қарамастан, олар өз жерін сақтап қала алды, сол кезде халқымызды біріктірген де осы еді», - деді әкім.
Даниал Ахметовтың айтуынша, қазір қоғамда мүлде басқа тәсілді талап ететін жаңа технологиялық тәртіп қажет. Жалпы, «Рухани жаңғыру» аясында 33 бағдарламаны іске асыруға 7 млрд теңге бөлінген.
«Біз мемлекеттердің орын алып отырған этностық, конфессионалдық және басқа да проблемалар бойынша қалай бөлініп жатқанын көріп отырмыз. Мүлде басқа білім деңгейін талап ететін жаңа технологиялық тәртіп жаңа идеологияға негізделуі тиіс. Біз жұмыс жүргізіп жатқан бағдарлама 4 негізгі бағыттан тұрады, бүгінгі отырыста баяндалатын әрбір негізгі бағыт бірқатар кіші бағдарламалардан тұрады. Мысалы, бізде 33 әр түрлі кіші бағдарлама бар. Бес жыл ішінде бұл бағдарлама айтарлықтай күрделі қаражатты талап етеді, алайда, ол негізгі міндеттерді шешетіндіктен, мұның барлығы өтеледі. Сондықтан, біздің бағдарламамыз едәуір қаражатты қажет етеді. Биылғы жылы біз бұл бағдарламаны 7 млрд теңгеге қаржыландырамыз – бұл, ең алдымен, білім беру және медицина салалары», - деп хабарлады ШҚО әкімі.
Сондай-ақ, Д. Ахметов облыстың міндеттерді шешуге қалай келгенін де атап өтті.
«Ең алдымен, біз ғылымды тартпай, міндетті орындау мүмкін еместігін түсіндік. Сол себепті біздегі үш университеттің барлығы да осы күрделі әрі өте қызықты жұмысқа тартылды. Әрине, өзге де ғылыми секторлар тартылған болатын, алайда, бұл ғылымға ғана арналған жұмыс деп санамаймыз. Бұл мектеп оқушылары үшін зерттеу жұмысы болып та табылады. Сондықтан, осы сектор да өте маңызды. 33 кіші бағдарлама шеңберінде «Шығыс Қазақстанның өркениет ерекшелігі» негізгі бағдарламасына тоқталып өтпекпін. Ол екі бағыттан тұрады, солардың бірі - Қазақстанның киелі жерлері», - деді әкім.
Әкім бұл жерлерде күрделі ғылыми зерттеулер жүргізілетінін атап өтті.
«Біз ата-бабаларымыздың идеологиясы қандай болғанын, осы киелі жерлер бүгінде неліктен адамдарды көптеп тартатынын түсінуіміз қажет», - деп қорытындылады Д. Ахметов.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің жанындағы Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы аясында Л. Гумилев атындағы ҰЕУ кафедра меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков «Туған жер» бағдарламасының қалай іске асырылып жатқаны жайында айтып берді.
Ақбота Күзекбай