• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда  бюджеттен тыс қаражат есебінен 2 музей салынды 17.08.2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Президентіміздің осы мақаласын жүзеге асыру аясында «Рухани қазына» бағдарламасын қабылдаған болатын.

Мәселен, бюджеттен тыс қаражат есебінен таяуда екі облыста 2 музей салынған. Бірі – шығысқазақстандық А. Ережепұлы атындағы мектеп-мұражай, екіншісі – Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.

Тәжірибе көрсеткендей, бұл жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен қаражат бөлу қажет етілмеген. Бұл орайда «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында қазірдің өзінде мұражайлар, кітапханалар және әлеуметтік нысандар құрылысы жүргізіле бастағанын айтуға болады. 

Шығыс Қазақстан облысының тумасы, «Элхон» ЖШС директоры Тумашинов Лукбек Шабданович бюджеттен тыс қаражат есебінен мектеп-мұражайдың құрылыс жұмыстарын жүргізді. Аталмыш мектеп-музейі 1907 жылы ірге көтерген екен және ол Шығыс Қазақстан облысындағы ең бірінші  мектеп-музей болып табылады.

Сол сияқты Ақтөбе облысының кәсіпкері Исламғали Салжанов облыстық тарихи-өлкетану музейінің 1640 ш.м. құрайтын (11 залы бар) экспозициялық алаңына құрылыс жұмыстарын жасау үшін қаражат аударған.

Осылайша, отандық меценат – атымтай жомарт ел азаматтары ауыл мәдениетін көтеруге мемлекеттен бір тиын шығармастан, өз қаражаттарына мәдени ошақтары бой көтеруге шындап кіріскен. «Талаптарыңа нұр жаусын!» деген жүректен шыққан тілектерін жаудыруда мұндай өнегелі ұлдарына жергілікті тұрғындар.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту мәселесіне айрықша көңіл бөлді.

 

 


Back to the list