• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Уәли хан кесенесі келушілері көп киелі жерлердің біріне айналады – М. Мырзалин 17.08.2017

Өңір әкімдігінің ақпараты бойынша, ескерткіш Ақмола облысынан Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енгізу үшін ұсынылған 20 объектілердің бірі.

Уәли хан – мүрдесі туған жерінде сақталған жалғыз хан, бұрындары барлық хандар мен ел басқарушылар Қазақстанның рухани астанасы – Түркістанда жерленген болатын.

2008 жылы Уәли ханның 270 жылдығына беделді ақсақалдар мен кәсіпкерлер тобы осы жерде кесене тұрғызған. Алайда, сол кезде оның аумағын абаттандыруға қаражат жетпеген. Ағымдағы жылғы көктемде жергілікті кәсіпкер Борис Козлов кесенені қоршауға, жол салуға өз қаражатын жұмсап, жұмысты жалғастырады.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин өңір ақсақалдарымен кездесу өткізіп, осы жұмыстардың аяқталуын талқылады.

Өңір басшысы атап өткендей, біздің өлкеміздің тарихы өте бай, бүгінде өңірде 2 мыңнан астам тіркелген тарихи-мәдени мұра объектілері бар.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеясын тарату аясында Уәли хан кесенесі ерекше маңызға ие болып, өңірдегі келушілері көп киелі жерлердің біріне айналады. Облыста бизнес-қоғамдастық Елбасының бастамаларын белсенді түрде қолдайтыны қуантады. Мысалы, Целиноград ауданының кәсіпкерлері өз қаражатына екі мектеп салып жатса, Есіл ауданында 380 млн теңгеге 12 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда кәсіпкер Б. Козловтың ескерткішті абаттандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы еліміздің тарихына құрметпен қараудың ашық мысалы болып табылады», – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, алғашында Абылай ханның үлкен баласы Уәли ханның жерленген жері Сырымбет шатқалы болатын. 1995 жылы Зеренді ауданының тұрғындары Қазақстан ауылының маңында халық арасында «Хан төбе» деп аталып кеткен шоқыда арабтың өрме жазуы бар қабір үстіндегі құлпытасты анықтаған. Кейін осы жерде Орта жүздің соңғы ханы Уәли ханның жерленгені анықталды.  


Back to the list