• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жалпыұлттық деңгейдегі 100 нысанды белгілеу және тізімдеу жобасы бекітілді 16.08.2017

Шара Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру және еліміздің киелі жерлерінің географиясы аясында құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының атқарылған жұмыстары бойынша, қолға алынған істер мен жалпы жоспарына тоқталып, туындаған өзекті мәселелердің ортақ шешімін табуға бағытталды.

Сонымен қатар ғылыми-сараптамалық кеңес отырысында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын әзірлеу барысында қолға алынған істер талқыланды. Қалалар мен облыс әкімдіктерінің өкімдерімен жұмыс топтары құрылып, олардың құрамына белгілі тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар енгізілді.

Осыған байланысты іріктеліп алынған нысандар макросакралды және микросакралды болып екіге бөлінді. Қасиетті нысандар мынадай критерийлер бойынша анықталды: табиғи-ландшафты нысандар; археологиялық және сәулет ескерткіштері; ғибадат орындары болып саналатын діни нысандар және тарихи тұлғалар мен саяси оқиғаларға байланысты орындар.


Back to the list