16.08.2017
Облыс әкімдігі хабарлағандай, аулада жасанды көгалы бар футбол алаңы, балаларға арналған ойын алаңы және street workout айналысуға арналған алаңқай жабдықталған. Сонымен қатар аула клубы үшін ғимарат салынуда.
15-ші тамызда жаңа футбол алаңында каратэшілер үлгілі өнер көрсетті, сондай-ақ спорт шебері және спорт шебері кандидаты куәліктері табыс етілді.
Абаттандырылған кешеннің ашылу салтанаты 15-ші қыркүйекке жоспарланып отыр.