• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жолдарды жөндеуден өткізу туристердің ескерткіштерге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді - М.Ысқақов 15.08.2017

«Қазақстандағы барлық көне мәдени-тарихи және археологиялық ескерткіштердің үштен екі бөлігі  Маңғыстауда орналасқан. Олардың басым бөлігі аймақ бойынша емес, еліміздегі үздік ескерткіштермен салыстыруға болады. Оларға деген туристердің қызығушылығын жолды жөндеу арқылы арттыра аламыз», - деп атап өтті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары мақсат Ысқақов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

Маңғыстау – ашық аспан астындағы үлкен музей. Туризмді дамыту өңірдің бірегей ескерткіштерін әлемге танытуға мүмкіндік береді.

«Маңғыстау облысында өткеннің ерекше куәгерлері топтастырылған. «Рухани жаңғыру» аясында қыруар шаруа атқарылуда. Туризмді дамыту – бұл бірінші кезде инфрақұрылым», - деді М. Ысқақов.

Аймақтағы рухани ескерткіші Бекет-Ата кешеніне апаратын 51 км жолды салу үшін бюджеттен қаржы бөлінді. 


Back to the list