• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Көкшетауда бес street-workout алаңы салынады 04.08.2017

Алаңдар қала тұрғындары көп жиналатын орындарда салынуда. Мұндай алаңдар жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша барлық облыстық орталықтар мен ірі қалаларда салынып жатыр. Мақсаты – азаматтарды, әсіресе жастарды қолжетімді көпшілік спортпен барынша қамту.  

«Street-workout – бұл белтемір сияқты құралдарда гимнастикалық жаттығулар кешені. Спорттың бұл түрі ең аз шығынды және сонымен қатар заманауи әрі тиімді болып табылады. Мысалы, Көкшетауда осы спорт түрімен айналысатын екі команда бар. Балалар әр түрлі жарыстарға үнемі қатысып, жақсы нәтижелер көрсетуде. Қазіргі уақытта командалар тіркеу рәсімдерінен өтуге дайындалуда, кейін құрама командалар Көкшетау қаласы мен облыс атынан әр түрлі жарыстарға ресми түрде қатыса алады», - деді Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мырзабек Мырзахметов.

Алаңдардың құрылысы аяқталғаннан кейін ашылуын өткізу жоспарланып отыр, кейін ресми команда – Көкшетау қаласының өкілі ниет білдірушілермен жеке бағдарлама бойынша сабақ өткізеді, алаңдарды қадағалап отырады және балаларды Қазақстан Республикасының street-workout бойынша құрама командасына өтуге дайындайтын болады.


Back to the list