• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағандыда Бұқар Жыраудың  350 жылдығын атап өту ұсынылды 31.07.2017

Қарағанды облысының әкімдігі хабарлағандай,  бұл – аймақта іске асырылып жатқан процестер мен жобаларға байланысты сындарлы пікір айту мүмкіндігі.

Бұл күні талқыланған мәселелердің ауқымы кең және сипаты алуан түрлі.

Меймандар көшелердің атауын өзгертуден бастап машина жасау мен авиаөндіріс салаларында өздерінің өнертабыстартырын енгізгуге дейін,  супермаркеттер экрандарында қазақ тілін үйретуге арналған бейнесабақтар көрсетуден Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойына орай ауқымды мәдени шара өткізуге дейінгі  әртүрлі идеялармен және ұсыныстармен бөлісті.

Келушілер ұсынған "Таланттар үйі", Жезқазған қаласында "Сарыарқа" әмбебап спорт кешенін тұрғызу, "Жаңа рух" зияткерлер клубы, «Қарағандының театралдық-музыкалық түндері» фестивалі жобалары үлкен қызығушылық тудырды.

Есірткіге қарсы қоғамдық жұмыс тобын құру, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды оңалту бойынша келіп түскен бастамалар жекелеген өңірлік мәселелерді шешу жолында маңызды қадам болар еді.

Айта кетейік, «Рухани жанғыру» Бағдарламасын іске асыру бойынша Қарағанды облысының өңірлік жобалық кеңсесі аталмыш бастаманы қолдап, бейтарап қалмаған жандарға алғысын білдіре отырып, азаматтарды әр айдың соңғы жұма күнінде күтеді.

«Әрбір бастама, әрбір сөз болған ұсыныс және пікір ескеріледі және іске асыру үшін мемлекеттік органдарға ұсынылады», - дейді ұйымдастырушылар.


Back to the list