• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Туған жер»:  Ақмола облысында «Құмай» этнопаркі  құрылады 31.07.2017

М.Мырзалин  жұмыс сапары аясында Астанадан  120 шақырым жердегі   «Құмай» археологиялық-этнографиялық кешеніне    барды.

Құмай өзені жағасындағы мәдени мұра нысандарын зерттейтін жоба жетекшісі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің  профессоры, түрколог Айман Досымбаева  «Құмай»  этнопаркін құру туралы жобаны таныстырды.

«Ландшафты, археологиялық және этнографиялық паркті  құру келушілерге  Қазақстан аймағындағы  көне  және ортағасырлық мәдени мұраны тамашалауға мүмкіндік береді», - деді А.Досымбаева.

Атап айтсақ, «Құмай» кешені аймағында  жаңа ескерткіштердің сериясы табылды, оларда төрт жүз жылдық тарих жатыр. Бұл Қазақстан аймағындағы  жалғыз көпқұрамды  кешен, оның құрамында қола, темір, ғұн   дәуірі мен этнографиялық даму кезеңінің ескерткіштері бар.

Сондай-ақ, М.Мырзалин Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде болып, оны   «Рухани жаңғыру» аясында  жаңғыртуды тапсырды. 


Back to the list