• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Түркияда Жамбыл Жабаев атындағы көшенің салтанатты ашылуы өтті 13.06.2017

Шара Кечиөрен муниципалитеті мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған.  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мемлекетаралық маңызды шараға Оңтүстік Қазақстан облысынан 42 делегат келді.

«Қазақстан күндерінің» шеңберінде Анкара қаласында «Жамбыл» атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы және Халықаралық 8-ші Рамазан фестивалінің аясында «Қазақстан кеші» атты концерт өтті.

Күтіліп отырғандай,  арнайы аттанған өнер делегаттары Түркия мемлекетінің Анкара, Адана, Мерсин, Ыстанбұл қалаларында концерттік бағдарлама ұсынады. 


Back to the list