15.09.2017
Төрағаның хабарлауынша, el.kz порталының редакциясы күні бүгінге дейін шамамен 2000 өтінішті өңдеп, 100esim.kz сайтында орналастырып үлгерген.
«Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін, тағы біршама уақытты оларды өңдеуге жұмсаймыз. Жобаның екінші кезеңінде арнайы құрылған жұмыс тобы іске қосылып, олардың қойылған талаптарға сәйкестігін бағалайды. Осы ретте, басты талап Егемен Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі болатынын ескертік келеді», - деді Е.Кочетов.
Е.Кочетов толықтырып кеткендей, қызықты адамдар туралы айтып беруге мүмкіндік бар.
«Жыл соңына қарай Қазақстанның 100 жаңа есімі іріктелініп алынады, біз олардың оқиғасымен, өмірімен таныса аламыз. Жалпы, бұл сіздердің өздеріңіздің жақындарыңыз, туыстарыңыз туралы айтып бере алатын соңғы мүмкіндіктеріңіз», - деп түйіндеді Е.Кочетов.
Қайрат Жандыбаев