• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
100 жаңа есім: Қажымұқан Абзалов 03.08.2017

el.kz  хабарлағандай, Шаян аулындагы М. Әуезов атындағы орта мектепке білім алған. (1995-2006) . Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін өнер кафедрасы «музыкалық білім» мамандығы бойынша тәмамдаған (2006 -2010).

С.Демирель атындағы «Тәуелсіздік көктемі -2010» жас ақындар айтысында ІІІ орын, «Ұшқыр ойлар» Республикалық ақындар айтысында ІІ орын,2013 жылы «Оңтүстік аймағы командасының жүйрігі» облыстық «Наурыз-2014» айтысында І орын иегері атанған.

«Наурыз-2014» айтысында 1-ші орын иеленіп, облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталған. Жыр арқауы; Сұлтанбек Қожановқа, Тұрар Рысқұловқа-120 жыл, Сәттар Ерубаевқа-100 жыл, Балуан шолаққа-150 жыл тақырыптарында айтысқа қатысушы.

2014 жылы Ташкент қаласында өткен Әйтеке биге-370 жыл «Біз бір халықпыз» тақырыбында айтыста 2-ші орыннан көрінді. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының 15 жыл толуына орай, «Шырайлы, шежірелі құтты мекен» Республикалық айтысқа  қатысып 2-ші орынды иемденген. 2015 жылы Шымкент қаласында өткен «Көк тудың желбірегені» атты республикалық ақындар айтысында ІІ-ші орын, Қызылорда қаласында өткен «Мәңгілік ел-мәртебем» республикалық ақындар айтысында І-ші орын иегері атанды

 


Back to the list