• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«100 жаңа есім» жобасына қатысу үшін  өтінішті сайтта беруге болады 03.07.2017

Қатысуға 500 адам өтініш берді.

ҚР АКМ баспасөз хатшысы Альбина Атеннің хабарлауынша, жоба үміткерлерді іздестіру географиясың кеңейтуде. «El.kz» порталы арнайы қайта жандандырылып, онда онлайн өтініш беру мүмкіндігі бар «100esim.el.kz» жобасы іске қосылды.

«Жаңа форматтағы портал іске қосылды, өтініштер қабылдануда. Бүгінде портал арқылы қатысуға 60-тан астам өтініш қабылданды. Өтінішті қабылдау мерізімі – 15 қыркүйекте аяқталады. Осылайша, әр қазақстандық өзінің табысқа жету тарихын онлайн бізге жібере алады. Күн сайын «El.kz порталының модераторлары өтніштерді қабылдап, өңдеуден кейін табысқа жету туралы оқиғаларды «El.kz» порталында жариялайды және де оған пікір жазуға да болады», - деді Альбина Атен.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін олар сараптамалық топтың берген бағасы бойынша жұмыс тобының қарауына жіберіледі. Ал, соңғы іріктеу онлайн-дауыс беру арқылы жүргізіледі.

Айта кетерлік жайт, «100 жаңа есім» әлеуметтік игі шаралар, қоғамдық-саяси, мәдени-жаппай оқиғаларға қатысатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, «100 жаңа есім» жобасын ҚР АҚМ Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығымен бірлесіп іске қосты. 


Back to the list