• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қостанайлық биолог "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасына кіреді 16.05.2017

Қостанай облысының биологы халықаралық деңгейде «жасыл экономика» саласындағы отандық практикаларды таныстырумен айналысады, ал оның «мамығы жоқ бальзам иісті терек» және «пестицидтерді сіңіретін боз тал» әзірлемелеріне барлық Еуразиялық континенттен тапсырыстар түсіп жатады.

Еске сала кетейік, 75 жастағы ғалым биолог-селекционер мамығы жоқ, осы ретте барлық пайдалы қасиеттері сақталған теректі шығарған еді.

Қазіргі уақытта Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына сәйкес, Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – бұл әр түрлі өңірлерден келген, жасы мен ұлты әр түрлі, осы жылдары табысқа жеткен 100 нақты адамның тарихы.

Бұл нақты адамдардың нақты тарихтары болуы тиіс, бұл қазіргі Қазақстанның келбеті. Тәуелсіздік дәуірі сыйлаған атақты замандастырымыз қаншама. Біз оларды өскелең ұрпақ үшін үлгі етуіміз керек, деп атап өткен Президент.


Back to the list