26.09.2017
Астанаға 2015 жылдың қарашасында көшіп келді. Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өндірістік емес төлемдер бөліміне бас маман ретінде орналасты.
Салық органындағы жұмысы кезінде А.Керімтаеваның қызметі салық есептілігінің жаңа пішінін енгізумен тұспа тұс келді. Ол салық жүйесінің қалыптасуы мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосты. Іскерлік қасиеті мен өз мамандығына деген жауапкершілік қасиеттерінің нәтижесінде Архат Керімтаева өзінің алдына қойылған мақсаттарға жете алады.
Астана қаласының Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлағандай, ҚР қаржы жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін ол Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамоталары мен Салық органдарының алғыс хаттарына ие болған.