31.03.2017
Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласында 1994 жылдың 24 мамырында дүниеге келді.
Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы
Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат Айтбаев және Светлана Айтбаева. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев - облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева – облыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де музыка адамдары. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі мол. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.
Димаш Құдайберген 24 мамыр 1994 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева отбасында дүниеге келген. Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” Республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған. 2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды. 2012 жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атағына ие болды. Бір жылдан соң, “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болып атанды. 2014 жылы Ақтөбе қаласында А.Жұбанов атындағы Музыкалық колледжінде “академиялық ән орындау” факультетін бітіріп, Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетіне түсті.
Нағыз танымалдық Витебск қаласында XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған соң келген. Екі күн ішінде, жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің «Опять метель» әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған «Sos dun terien un detresse» әнін орындады. 2015 жылы 28 қазан күні Стамбулда Димаш Құдайбергенов “Abu TV” Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.
5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренеді. Балалар хорында ән айтқан. 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдады. Қазір Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 2 курс студенті. Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс т.б тілдерде ән орындайды.
Димаш Құдайбергенов Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып жатыр. Әншінің жоғары ноталарды алып, ән орындауы барша әлемді дүр сілкіндірді. Қытайдағы байқауға қатсу кезінде әнші екі жүлдеге ие болды.
Марапаттары: 2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты;«Жыл таңдауы Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты;2017 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері;2017 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы қоры сыйлығының иегері, Азияның ең танымал әншісі – 2017.