• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ынталандыру – бизнесте табысқа жету жолы 10.03.2017

Бүгінгі күні біздің жерлесіміз Нұрпейісова Нұржамал Алдонгарқызының есімі Маңғыстау облысынан әлдеқайда тыс жерде белгілі. Оның қол тума «Нұр-Шах» сән үйі қазіргі Қазақстанның ең беделді және ең маңызды дизайнерлік жобаларының бірі болып табылады.

Әлі бала кезінде болашақ шеберхана иесі тігуді ұнатқан, ал өткен ғасырдың соңында өзі сүйетін жұмысқа шындап кірісті; сол кезде-ақ сәнделген ұлттық киім брендін жасау идеясы қалыптасып, ол өз алдына танымал бола бастады.

 Қол астында барлығы 4 шебермен бастаған Нұрпейісованың Сән үйі , бүгінде «Нұр-Шахта» 50 адам еңбек етуде. Дизайнерлік үйдің киім топтамалары бірнеше рет әлемдік подиумдарға шығарылды, ал қазіргі кезде эксклюзивті киім үлгілеріне тапсырыстар Қазақстан және басқа да мемлекеттерден келіп түсуде.

Кез келген табыс бұл медальдің бір жағы екені мәлім, тек жауаптылық, шығармашылық белсенділік, өзгерістерге қабілеттілік пен жоғары жетістіктерге жету ынтасы арқасында ғана жаңадан бастап жүрген іскер әйел үздік нәтижеге қол жеткізді. Сонымен қатар, Нұржамал Аладонгарқызы демеушілікпен айналысып, жас дарындарға қолдау көрсетеді.

Нұржамал Нұрпейісованың тарихы – зор еңбек пен табандылық тарихы.

 


Back to the list