25.10.2017
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқарма төрағасының орынбасары аталмыш байқау қалай өткендігі туралы айтып өткен болатын.
«Биылғы жылы үш байқау өтті, грант саны 57-ні құрады. 57 әлеуметтік жобаға 615 млн-нан астам теңге бөлінді. Грантқа ие болған Ақмола облысының «Әйел шуағы» қоғамдық ұйымы. Грант 10 млн теңгені құрады», - деді Гүлнар Ұралова.
Жоба аясында 144 өтініш берілді, оның ішінде байқау комиссиясы 30 үздік жобаны іріктеп алды, оның ішінде 7-уі 500-ден 700 мың теңгеге дейін қаржылық қолдауға ие болды.
«Аталмыш жобалар ауылдық мазмұнды, тауық, қоян өсіру бағытына арналған. Байқауға қажеттілігі жоғары жандар да қатысты. Аталмыш жобалардың әртүрлі болуын қадағаладық», - деді ол.
Байқау жеңімпаздарының бизнес жобалары келесі салаларға бағытталған:
-Ақтөбе облысы – «Қоян өсіру және көбейту» жобасы
- Алматы облысы - «Планшеттік, қолғап қуыршықтарын әзірлеу шеберханасы»
- Батыс Қазақстан облысы – «Қаз бен тауық өсіру бойынша шағын құс фермасын ашу»
- Қостанай облысы - «Құрылыс және әрлеу материалдарын мобильді өңдеу» жобасы
- Маңғыстау облысы - «Қонақ үй қызметтерін ұсынатын табиғи кешенді абаттандыру және жөндеу»
- Маңғыстау облысы - «Мақта матадан тігілген - таза өнім» жобасы
- Павлодар облысы - «Автомастерская «LONG» жобасы.
«Жобаның басты мақсаты – еңбекпен қамту. Әр бизнес жоба аясында адамдарды жұмыспен қамту шарты тұрады. Гранттың сомасы – 500-700 мың, жеңімпаздар үлкен бизнеске алғашқы қадам жасайды», - деді ол.
Ақбота Күзекбай
Фото: автор