19.10.2017
«Жыл соңына дейін тағы үш мемлекеттік қызметті автоматтандырамыз, демек, пилоттық жоба бойынша олар іске қосылады. Жылдың соңына дейін тыңайтқыштар, гербицид, несие мен лизингтерге субсидия алу бойынша ауыл шаруашылығы қызметтері автоматтандырылады. Алдағы жылы 16 қызметтің түрі толықтай автоматтандырылады. Министрлік аясында қызметтің 100 түрі бар, оның 62-сі автоматтандырылды. Жақын арада біз барлық қызметті автоматтандырамыз», - деді Е.Көшербаев.
Жауапты хатшының айтуынша, жылдың соңына дейін тыңайтқыштар, гербицид, несие мен лизингтерге субсидия алу бойынша ауыл шаруашылығы қызметтері автоматтандырылады.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі қажетті іргетас құрады, оған бизнес ауыл шаруашылығы өндірушілері бойынша қызмет түрлерін ұсынады. Демек, платформа ашық әрі еркін болуы керек», - деді спикер.
Айта кетейік, Minagro.kz сайтының онлайн жобалары туралы «Ақпараттық-есептік орталық»АҚ төрағасы Жанасыл Оспанов ҚР Парламенті Мәжілісінің көшпелі отырысында айтып берген болатын.
Ақбота Күзекбай
Видео - Азаамат Әлиев