• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
MINAGRO.KZ қандай онлайн жобаларды іске қосады (ВИДЕО) 19.10.2017

«Minagro.kz сайты – АӨК-тің цифрлық платформаларының бірі.  Бүгінде жеті интеграция жүзеге асырылды: заңды, жеке тұлғалар үшін, лицензиялау, қаржы есебінің депозитарийі, электронды үкіметтің төлемі. Яғни, барлық төлемдер эклетронды форматта жүзеге асырылады. Жыл сойңына дейін ауыл шаруашылығы техникасын тіркеуді, бидай тасымалы бойынша вагондардыңқозғалысы туралы ҚТЖ ақпараттық жүйесімен салық комитетінің электронды шот фактрурасы аяқталады», - деді Жанасыл Оспанов.

Оның айтуынша, онлайн-режимде АӨК субъектілерінің қайда тұрғанын көруге болады.

«Жыл соңына дейін, алдағы 2-3 айда мына жобалар іске қосылады: АӨК-те субсидиялау бойынша өтініштерді тіркеу, қолхаттарды онлайн сақтандыру, сатып алушы трейдерінің терминалы, бидай қолхаттары бойынша онлайн несиелеу, бидай тасымалдайтын вагондайрға онлайн тапсырыс беру, блокчейн технологиясын енгізу», - деп атап өтті Ж. Оспанов.

Атап өтер болсақ, отырыс барысында ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологияларды пайдалану мәселесі талқыланды. 

 

Ақбота Күзекбай

Видео - Азамат Әлиев


Back to the list