13.10.2017
А.Сағынбаев айтып өткендей, еліміз бойынша 2017 жылдың 1 қазаны мен өткен жылды салыстырғанда биылғы жылы малдың барлық түрлері бойынша өсім бар. Атап айтар болсақ: жылқы – 7,7% (2 445,3 мың бас), мүйізді ірі қара – 4%, (7 104,4 мың бас), түйе – 7,8% (195,3 мың бас), ұсақ мал – 0,7% (18,3 млн бас), құс – 7,9% (41,9 мың басқа); шошқа – 2% (955,5 мың басқа) көбейген.

Ет өнімі – 5,7%, яғни 688,3 мың тоннаға, сиыр сүті 2,8%, яғни 4409,4 мың тоннаға, тауық жұмыртқасы 4,8%, яғни 3774,8 млн данаға артқан.
«Мал шаруашылығын дамытуға берілетін субсидияға келетін болсақ, 2017 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 58,8 млрд. теңге қарастырылса, оның 32,5 млрд. теңгесі асыл тұқымды мал шаруашылығына, 26,3 млрд. теңгесі өнімділікті арттыруға бөлініп отыр. Бүгінгі күнге дейін бөлінген қаржының 35,7 млрд. теңгесі, яғни 60% игерілді», - деді А.Сағынбаев.

Сондай-ақ, өнімділікті арттырудың негізгі тәсілі ауыл шаруашылығы малдарын толық азықтандыру.
«Қазіргі таңда Министрлікте АӨК-ті дамытудың жол картасы әзірленген. Картаның негізгі бағыттарының бірі жем-шөп өндірісін дамыту. Жем-шөп өндірісін дамыту картасы аясында жем-шөп өндірісі және облыстардағы жем-шөптің қажеттілігі мен жағдайы тексерілді», - деді ол.

Осыған орай, ауыл шаруашылығы малдарын толық азықтандыру арқылы мал санын 21%-ға арттыру жоспарлануда. Оның ішінде: сүтті малдар 19%-ға, басқа да мал түрлері 68%-ға.


Сонымен бірге жем-шөп өндірісін дамыту үшін келесі шаралар қарастырылған: 1 гектар бір жылдық және көп жылдық шөптерді субсидиялау, қойытылған және аралас жем-шөп өндіретін кіші цехтарды сатып алғандарға субсидия беру, «Продкорпорация» ҰК» АҚ-нан ішкі қажеттілікке байланысты арпа сатып алу.

Қайрат Жандыбаев
Видео: Азамат Әлиев