05.10.2017
Өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру картасында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арамшөптермен, зиянды ағзалармен күресуге арналған пестицидтер мен биопрепараттарды сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау қамтамасыз етіледі.
«Біз өңірлерде фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу бойынша талдау жүргіздік. Мемлекет аса қауіпті және зиянды карантиндік объектілерге қарсы іс-шараларды жүзеге асыруда», - деді ҚР АШМ ВФҚД фитосанитариялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Абдуллин Арман.
ҚР АШМ ақпараты бойынша, сапалы пестицидтердің қолданылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүдделерін қорғау мақсатында, өткізілетін пестицидтердің сапасы мен сәйкестігін тіркеуден кейінгі бақылау енгізіледі.
Ақбота Күзекбай
Видео Азамат Әлиев