04.10.2017
«Облыста дәнді-дақылдарды жинау толығымен аяқталды. Биылғы жылы 780 мың тонна дақыл орылды. 8 375 га аумақтан картоп жиналды - ол дегеніміз 100 пайыз», - деді облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Юржан Бекқожин.
Биылғы жылы дәнді-дақылдардың орташа өнімділігі бір гектардан 10,1 центнерді құрады.
Қарқаралы ауданында көкөніс жинау жалғасып жатыр. Әлі де жүз гектар жерден өнім жинау керек. Бұл жұмыстар алдағы күндері аяқталуы тиіс.