16.09.2017
Рavlodarnews.kz хабарлағандай, жаңа комбайндар бір апта бұрын жұмысқа кіріскен.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыс тоқтап, бүгін қайта жанданды. Кооператив маңынан механикалық-техникалық станция ашылған (МТС). Комбайндар Беларусьтің «Гомель» зауытында жасалды. Біз лизингкпен тоғыз жылға 30 миллионнан төлеуге келістік», - деді аудандық ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы Жеңіс Қанапиянов.
Бір техниканың құны 46.5 миллион теңгені құрады. Өте сапалы техника, бұрын 150 гектар жерді бір ай бойы жиналса, жаңа комбайндармен таңертең басталған жұмыс кешке аяқталады. Жалпы, 1600 гектар бес күнде бітеді.
Атап өтер болсақ, бірлестік құрамына кіретін 13 шаруашылықтың жалпы аумағы 5600 гектар жері бар. Бүгінде егін жинау жұмыстарының 70 пайызы орындалған.
«Арман» ШҚ-ның басшысы Арман Қабиев атап өткендей, жаңа комбайндарды сатып алғаннан кейін ол жалпы жер аумағын 150 гектардан 500 гектарға дейін арттыруды көздеп отыр.
Жалпы, аграрилер бір гектар жерден 20 центнер өнім алуды жоспарлауда.