12.09.2017
Іс-шара аясында 58 палатка орнатылып, 100-ден астам сауда орны ұйымдастырылады.
ШҚО әкімдігінің ақпараты бойынша, жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан облысы Семей, Өскемен қалаларының, Абай, Аягөз, Зыряновск, Глубоковск, Катон-Қарағай, Ұлан, Үржар, Шемонаиха, Бесқарағай, Бородулиха, Зайсан, Күршім, Көкпекті, Тарбағатай және Жарма аудандарының ауыл шаруашылығы өндірушілері қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, тауарлар нарықтық бағадан 20-30% төмен бағамен сатылады.
Өткізілетін жәрмеңке аясында Астана қаласының тұрғындарына 35 тоннадан астам бал, 6 тонна шұжық өнімдері, 11 тонна сүт өнімі, 13 тонна өсімдік майы, 8 тонна жарма, 8 тонна балық, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз, 200 тонна көкөніс және басқалары ұсынылады.
Барлығы 200 млн теңге сомасына 349 тонна көлемінде ауыл шаруашылығы өнімі сатылады. Іс-шара аясында елорда қонақтары мен тұрғындарына өңірдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.