08.09.2017
Жетісулық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер 360 тоннадан астам сапалы әрі экологиялық таза өнімдерін нарық бағасын төмен бағада ұсынбақ, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Жалпы Алматыға өнімнің 48-ден астам түрі жеткізіледі. Соның ішінде жалпы құны 180,1 млн теңгені құрайтын 34,4 тонна ет, 16,8 тонна сүт өнімдері, 102,1 тонна көкөніс, 11,8 тонна балық, 36 тонна жеміс-жидек, 40,9 тонна картоп пен 115 тонна өзге де өнімдер бар.
Осы күні қала тұрғындарының назарына облыстың өнер ұжымдарының дайындаған концерттік бағдарламасы да ұсынылмақшы.
Естеріңізге салар болсақ, кезекті күзгі жәрмеңке Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шара.