• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысында 13 суару жүйесін орнату жоспарлануда 09.09.2017

Өңір әкімдігінің хабарлауынша, Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында өңірде мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізілуде. Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жұмыс сапары барысында «Grean star» ЖШС-ның суарылатын жерлерімен танысты.

Шаруашылық директоры И. Чункуновтың айтуынша, 2013 жылы олар АҚШ-тан 4 заманауи суару жабдығы сатып алған. 

«Суару қондырғылары өздерінің тиімділігі мен сапасын көрсетті. Бес жыл ішінде жоғары нәтижеге қол жеткіздік», — деді И. Чункунов.

2019 жылға дейін шаруашылық осы жерлерде 13 суару жүйесін орнатуды жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру үшін шаруашылықтың өз қаражаты да, қарызға алынған қаражат та пайдаланылған, сондай-ақ кәсіпорын мемлекеттік қолдау механизмдерін де пайдалануда.

Облыс әкімі суарылатын жерлердің ауданын одан әрі кеңейтуді тапсырды. 


Back to the list