25.08.2017
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 300 мың гектарға жуық алқап сертификатталған.
«Органикалық өнім өндірісі бойынша сертификатталғандар көбіне Қостанай мен Алматы облыстарында. Олар көбіне өсімдік шаруашылығы өнімі. Бүгінде олар өздерінің өнімдерін Еуропаға тасымалдайды, өткен жылы өткізу көлемі 10 млн доллардан асып жығылды. Алайда біз осы саланы дамытуымыз керек, себебі органикалық өнім бағасы айтарлықтай қызықты. Ол премиум санатындағы өнім ретінде өтеді. Олар бақша өнімдері, дәнді дақылдар, майлы дақылдар», - деді ҚР АШМ вице-министрі журналистерге.
Гүлмира Исаева атап өткендей, премиум санатындағы өнімді сертификаттау әділет министрлігінің алаңында талқылаудан өтті.
«Бүгінде органикалық өнімнің өндірісі бойынша бар номативті - заңнамалық база жасақталынып қойды. Өздеріңіз белетіндей, осыдан екі жыл бұрын Президент «Органикалық өнім туралы» заңға қол қойды. Бүгінде фермерлер осы өнімді өндірумен айналысуда, ал біз болса оларға өнімдерін сертификаттауға көмектесудеміз, оларға мемлекеттен сол керек», - деп түйіндеді Г. Исаева.
Бұған дейін, вице-министр 2016 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар көлемі 253 млрд теңгені құрағанын хабарлады.
Ақбота Күзекбай
Фото Бауыржан Жуасбаев