• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан қымыз  бен  жылқы  етін экспорттайды 25.08.2017

«Біз бүгінгі күні тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға және өзара тиімді негізде ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен өндірістерді құруға ұмтылудамыз. Қазақстан мемлекеттік реттеу тиімділігі және инвесторларды қолдау саласында оң нәтижелерге қол жеткізді және ТМД елдері арасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша көшбасшы орында», - деді ауыл шаруашылығы министрі.

Оның айтуынша, шетелдік компаниялар Қазақстанға инвестициялай отыра, Қытайдың, Ресей мен ЕАЭО нарығына кіру мүмкіндігіне ие блады.  

«Біз мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты іске асыруға кірістік. Ол үшін АӨК экспорттық орталығы жаңа экспорттық каналдар құру және қолданыстағы каналдарды кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп, ірі экспорттық партияларды қалыптастыруда. Қазіргі уақытта Қытай компанияларымен бидай, майлы дақылдарды экспорттау туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды, Ресей, Израиль, Гонконг компанияларымен күнбағыс тұқымдарын, бидай, ұн, асбұршақ, қой етін экспорттау туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деді ҚР АШМ басшысы.

Асқар Мырзахметов хабарлағандай, Қытайдың сиыр еті, шошқа еті, сүт өнімдері, құс шаруашылығы өнімдері, жылқы өнімдері нарығына кіру жоспарлануда. 

«Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Израиль мен Кувейттің ветеринариялық қызметтерімен қазақстандық қой етін жеткізу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея және Еуропалық одақ елдеріне құрғақ бие сүтін экспорттау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр», - деп атап өтті А. Мырзахметов.

Айта кету керек, форумға әлемнің 18 елінен 200-ден астам қатысушы, соның ішінде ірі шетелдік инвестициялық қорлар мен қаржы ұйымдарының 40-қа жуық өкілі қатысуда. 

 

Ақбота Күзекбай

Фото Бауыржан Жуасбаев


Back to the list