• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР АШМ шаруаларды отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға ынталандыруда 24.08.2017

Егер бұрын шетелде шығарылған бір комбайн үшін 30 млн теңгеден астам субсидия берілсе, қазір бұл қаражатқа отанымызда шығарылған 3 комбайн субсидияланады. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды инвестициялық субсидиялау механизмі өзгерген.

Осы ретте шетелдік техника да субсидияланатын болады, алайда, ол қымбат болғандықтан, 5-7% деңгейінде өтеледі, ал отандық техниканы сатып алу кезіндегі субсидия 25% деңгейінде болмақ.

«Бүгінде талап етілетін ауыл шаруашылығы техникасын шығару мен сатып алуды ынталандыру мақсатында «ҚазАгро» АҚ желісі бойынша отандық ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5,5 % мөлшерлемемен (қазір 16-17%) 7-10 жыл мерзіміне лизингке сатып алуды жеңілдікті несиелендіру бағдарламасын іске асыруға 5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген», - деп бөлісті Қайрат Айтуғанов.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, отандық зауыттарды жабдық сатып алу мен жаңартуға жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы да іске асырылуда. Бағдарламаға Қазақстанның агроинновациялық корпорациясы да кіреді, оның базасында Ауыл шаруашылығын механикаландыру қазақ ҒЗИ әзірлеген техника шығарылады. Қаржы операторы болып «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ  белгіленді», - деп атап өтті бірінші вице-министр.

Спикердің ақпараты бойынша, жыл сайынғы тиісті қаржыландыру кезінде 5 жыл ішінде техника өндірісі 2 есе ұлғаяды, ал ауыл шаруашылығы техникасының импорт үлесі кемінде 20 пайызға қысқарады. 


Back to the list