11.08.2017
Бұдан бөлек, фермада сиырлар үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Шаруа қожалығының басшысы Владимир Акуловтың айтуынша, толық қайта құру биылғы жылдың қазанында аяқталмақ. Бұл мақсаттарға 200 млн теңге көлемінде жеке қаражат бөлінген. Жаңартылған СТФ 360 басқа арналған, күзден бастап екі фермада 700 сиыр сауылатын болады.
«Шаруа қожалығында жұмысқа жауаппен қаралады. Ең жақсы жабдық орнатылған, кадрлардың мәселелері қаралады, жоғары сапалы азық дайындалады. Мал басының тазалығы үнемі бақылауда. Бұл өте маңызды», – деп атап өтті Даниал Ахметов.
Бүгінгі күні үлкен шаруашылықта 2 мыңға жуық сауылатын сиыр бар, алайда, биылғы жылдың өзінде оларды 7000-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.