• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елордада 32 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді 08.08.2017

Бүгінде 32 жәрмеңке өткізілген, дегенмен өңірлерден тасымалданып жатқан азық-түлік өнім көлемі селеп артуда.

Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз айында небары 300 тоннаға жуық азық-түлік өнімі сатылса, бүгінде астаналықтар бір келгенде 1000-ға жуық тонна азық-түлік өнімін сатып алады. Ауылшаруашылық басқармасынан хабарланғандай, бақша өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектер мен қант өнімі елорда тұрғындарының жоғары сұранысына ие.

«Қарбыз, қауын тез сатылып кетеді. Қазір «тосап» маусымы болғандықтан жеміс-жидектер, көкөністер, қияр, қызанақ, картоп тез сатылады. Ет өніміне сұраныс азайды», - делінген хабарламада.

Оның сөзіне қарағанда, азық-түлік өнімдері белгіленген әрі бекітілген баға бойынша сатылады. Саудагерлердің бағаны қымбаттатуға құқысы жоқ. Мәселен, ет өнімі әдетте 1250 теңгеден сатылады, ал базарларда бұл баға 1800-ге дейін жетеді.

Ауылшаруашылық басқармасынан хабарлан,андай, тазалық пен тәртіп арнайы қызметтің күнделікті бақылауында. Санитарлық дәрігерлер барлық азық-түлік өнімін тексереді.

Өңіраралық жәрмеңкелер Астанада қазан айына дейін өткізіледі. Бұл ЭКСПО көрмесі кезінде халықты азық-түлік өнімімен қамтамасыз ету мақсатында жасалынады.  

 


Back to the list