07.08.2017
«ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, инвестициялық жоба «ҚазАгро» ұлттқ холдингінің желісі бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Ұлттық қордың қаражаты есебінен 4,2 млрд.теңге сомасына қаржыландырылды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 6 500 тонна қияр және қызанақ. Өнім қазақстан нарығына шығарылады. Осы ретте өсірілген өнімнің 50%-на дейінгісі көрші Ресей елінің солтүстік өңірлеріне экспортталады.
«Greenhouse Kazakhstan» жылыжайы жаңа ұрпақтың - Ultra-Clima жобасы болып табылады. Онда қолданылатын технологиялар Ақтөбе облысының қажеттілігін жеке өндірісі есебінен жас көкөністермен толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнімді республикадан тысқары жерлерде тиеп жөнелтуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорында 120 қызметкер жұмыс істейді. Голландиядан келген маманның басшылығымен жергілікті кадрларды өсімдік шаруашылығы процессіне және агрономияға оқыту жүзеге асырылады.
Ақтөбе облысындағы жаңа жылыжай кешеніне ұқсас жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды «ҚазАгро» ұлттық холдингі 2007 жылдан бастап қаржыландыратынын еске саламыз. Жалпы, осы кезең ішінде Холдингпен жалпы құны 303 млрд.теңгенің 506 инвестициялық жобасы іске қосылды, 15,8 мың жұмыс орны құрылды.
2017 жылғы 1 шілдедегі жағдайда «ҚазАгро» холдингінің инвестициялық қоржынында жалпы құны 335,2 млрд.теңгенің 530 инвестициялық жобасы бар.