• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру аясында 6 мың жаңа жұмыс орны ашылды 03.08.2017

«Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 50 мыңнан  астам ЖҚШ-ны қамтыған 517 кооператив құрылды, оның 173-і сүт дайындау, 281-і өндіріс және ет дайындау, 41-і көкеністерді дайындау, 2-уі омарташылық және балды қаптау, 4-уі құс өсіру және сою, тағы 4-уі белсенді бағбаншылық, 2-уі түйе сүтін дайындау, 3-уі тауарлық балық шаруашылығы бойынша жұмыс істейді», - деді ҚР АШМ ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті  директорының орынбасары.   

АШМ мәліметі бойынша, 30 573  ірі қара мал басына 1835 отбасылық мал семірту алаңы құрылды.

«Қолға алынған шаралар 4 мыңға жуық жеке кәсіпкерді құруға және 6 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Бүгінде құрылып қойған кооперативтерді есепке алғанда 2016 жылы 25 мың тоннадан астам сүт және 8 мың тонна ет өндірілді», - деді Нұрболат Мақашев.

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында атап көрсетілгендей, АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 500 мың жеке қосалқы шаруашылық және шағын фермалар құру көзделген.  

«Естеріңізге сала кетейік, бір дана өткізілген сүтке (10 теңге 1 литрге), сойылған  ірі қараға (20 мың теңге 1 басына), бұзауларды семіртуге (1,5 мың теңге 1 басына) субсидия қарастырылған. Ал, микронесиелердің қолжетімділігін арттыру мақсатында  олардың көлемі 18 млн теңгеге дейін 7 жылға дейінгі мерзіммен ұлғайтылды», -  деп толықтырды Нұрболат Мақашев.

Естеріңізге сала кетейік,  бұған дейін «Астана радиосындағы» Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталының пікірталас клубының кезекті шығарылымы 2015-2019 жылдарға арналған агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға арналды. Сонымен, ҚР АШМ АШКД кооперацияны насихаттау стратегиясы басқармасының басшысы Самат Қайырбеков атап өткендей, кез-келген ауыл тұрғыны ҚР АШМ тегін саII-орталығына хабарласып немесе fermers.kz сайтында кооперация мәселесімен бүгі шүгесіне дейін таныса алады.

Ақбота Күзекбай


Back to the list