• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Білімді арттыру  фермерлердің  өнімділігін ұлғайтуға көмектеседі - Ж.Дулатов (ВИДЕО) 03.08.2017

«Агробіліктілік орталығы" компаниясы ауыл шаруашылығындағы озық технологиялар бойынша білім беруге бағытталған. Біз елімізде жұмыс істейтін фермерлерді, кооперативтерді оқытамыз. Негізгі міндет – фермерлер өз өнімділігін ұлғайтуы, өзіндік құнды азайтуы және өзге де проблемаларды шешуі үшін оларға жаңа технологиялар беру », - деді орталық директоры. 

Оның айтуынша, орталық өкілдері өз жұмысында ауыл шаруашылығы кооперацияларына баса назар аударады. 

«Біз ауыл шаруашылығы кооперацияларына баса назар аударамыз, себебі бар білім технологиялық болып табылады және үлкен инвестициялық шығынды талап етеді. Инвестициялау, осы технологияларды енгізуге шығындану шағын кәсіпорындар немесе шаруа қожалықтары үшін қиынға соғады, сондықтан кооперативтер бірігіп, біз беретін білімді енгізуге қабілетті болады», - деп атап өтті Ж. Дулатов.

Шағын, орта және ірі фермерлерді қолдау семинарлар арқылы жүргізіледі. 

«Біз оларды базалық шаруашылықтарда, далада жинап, қандай да бір технологиялардың қалай жұмыс істейтінін көрсетеміз. Өткен жылы берген білім қазір оң нәтиже көрсетуде. Біріншіден, тыңдармандар саны көбейіп келеді, екіншіден, фермерлер жеке консультациялар жүргізуді сұрайтын болды. Яғни, алдымен олар семинарға қатысады, кейін осы технологияларды өз шаруашылықтарында енгізу үшін қазақстандық және шетелдік жеке жаттықтырушыларды шақырады», - деп түсіндірді орталық директоры.

Мемлекеттік тапсырыста мұндай тәсіл қарастырылмаған еді және мұндай консультацияларды орталық өз қаражаты есебінен жүргізуде. Орталық ұсынған жаңа технологияларды енгізген шаруашылықтардың саны бүгінде 500-ге жуық. 

Спикер орталық семинарларды тегін өткізетінін атап өтті. Оларға әрбір фермер қатыса алады.  

Қайрат Жандыбаев

Видео Арман Мұхатов


Back to the list