• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда  АӨК дамыту бағдарламасына  27 компания қатысты 02.08.2017

Алматы әкімдігі хабарлағандай,  кредиттік пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша берілген мемлекеттік қолдау 7%-ға борыштық жүктемені азайтады, болашақта үнемделген қаржы өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетсек, ауылшаруашылық өнімдерді тікелей отандық фермерлерден сатып алынады, бұл дегеніміз баға саясатының төмендеуіне әсер етеді, сондай-ақ Алматы агломерация  ауданында Агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына синэнергетикалық әсерін тигізеді.

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша, 218 тағам өнеркәсіптері 130 млрд теңгеге өнім өндірді, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 30% -ға көп. Алайда, тіпті азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлерін эскпортқа шығарғаның өзінде Алматы өзін тек 35% қамтамасыз етіп отыр,бұл дегеніміз импорт алмастырудың  елеулі резервін көрсетіп отыр.

Тағам өнеркәсіп басшыларымен және ЕДБ өкілдерімен кездесуінде Алматы қаласының әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов АӨК дамуында кәсіпкерлердің қолдауының маңыздылығын атап айтты.

«Бүгінгі күні Алматы қаласында АӨК дамуы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу басым болып тұр. Импортқа тұтынылатын ірімшік пен құс етінің жарты бөлігі, 40% астам шұжық өнімдері мен сары май шығарылады. Бұның барлығы өз елімізде өндіріледі және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіз екеніне негіз бола алады», - деді Әукенов.

Осы орайда, мемлекеттік саясат өндірушілердің белсенділігін арттыру мен бизнесті кеңейту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ескере кетсек, «Бизнес жол картасы-2020» және « ҚР АӨК дамуы  2017-2021жылдарына»  мемлекеттік бағдарлама шеңберінде, бюджеттен кредиттік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлеме мен несие кепілдендіру және сақтандыру аясында жаңа өндірістерді субсидиялауға 7,5 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама қатысушылары 27 компанияға жетті.

 

 


Back to the list