• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанадағы жәрмеңкеге  өнімнің  100 түрі жеткізіледі 02.08.2017

5–6 тамыз "Қазақстан" спорт сарайы маңындағы тұрақта Атырау мен Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Сөрелерге 100-ден астам атаулы 670 тонна өнім қойылады. Оның ішінде еттің барлық түрлері - 33 тонна, сүт өнімдері - 90 тонна, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикат ет - 59 тонна, жарма мен макарон өнімдері - 72 тонна, картоп пен көкөністер - 55 тонна, нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдер - 70 тонна, ұн - 93 тонна және тағы басқа. 

Айта кетейік, жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы базармен салыстырғанда 10–15% арзан болады.

 


Back to the list