• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысынан Қытай өкілдері  ет сатып  алуға ниетті 31.07.2017

Новомарковка ауылында  М. Мырзалин  «Жаңа Береке»ЖШС-ның қызметімен танысты, ол Астананың азық-түлік белдеуі аясындағы ең ірі жобалардың бірі. Бұл кәсіпорын толық өндіріс циклімен, мұнда 3000 мал басына есептелген мал семірту алаңы, жылына 5000 тонна ет өнімдерін өңдеу кешені бар.

«Біздің өнімімізді Астанаға жеткізу және экспортқа шығару мүмкіндігіміз бар. Жақында ғана бізде Қытайдан келген арнайы делегация болды, олар біздің өнімімізді тікелей алуға ниет білдіріп отыр», - деді шаруқожалығының атқарушы директоры Жандос Хасенов.

Бұдан басқа, облыс әкімі «Хамзе»ШҚ-сында болды – бұл Президенттің елорданы экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету тапсырмасын орындауға бағытталған жобалырдың бірі. Шаруашылық базасында 400 ірі қара мал басына есептелген сүт-тауарлы фермасын ашу жоспарланған, онда сүт өңдеудің толық циклі қарастырылады. Бүгінде қожалыққа Германиядан арнайы 132 бас сауын сиыр алдырылды, 3-4 жылдың ішінде сауын сиырдың жалпы саны төрт жүзге жетеді. 


Back to the list