11.07.2017
Форумды екі елдің ауыл шаруашылығы Министрлері ашты. Аталған форумның жұмысына 100-ден аса бизнес, білім және ғылым өкілдері қатысты.
Қытай Халық Республикасы Қазақстанға жалпы экономикалық, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұрғысында маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады.
Форум барысында АӨК-ке 160 млн. доллар көлемінде инвестиция тарту және сауда бойынша ынтымақтастық жөніндегі 7 құжатқа қол қойылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі аргарлық ынтымақтастық аясында «Үлгілік аймақ» құру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум жасасты. «Аграрлық ынтымақтастық бойынша «Үлгілік аймақ» кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы саласында жаңа инновацияны енгізетін болады. Аталған жоба «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында жүзеге асырылады.
2017 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейінгі аралықта Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы тауар айналымы 14,5%-ға артқан. 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тауар айналым 113,2 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын ауыл шаруашылығы тауарлары экспорты 7,7%-ға артты ( 57,2 –ден 61,6 млн. АҚШ долл.), қытай тауарларының импорты 23,7% артып, (41,7-ден 51,6 млн. АҚШ долл.).