05.07.2017
8-9 шілдеде «Қазақстан» спорт сарайының көлік тұрағы аумағында жәрмеңкелер маусымын Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары жалғастырады.
Жалпы 2 500 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: көкөніс және картоп – 300 т, ет және ет өнімдері – 100 т, бал -20 т, сүт өнімдері – 51 т, балық – 143 т және т.б.
Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады.
Сонымен қатар облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.
Айта кетейік, 13 мамыр-1 қазан аралығында Астанады күн сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады.